Жаңалықтар

cover

8 ақпан 2024 ж.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті ISSAI зертханаларына қонақ болды

8 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының жаңадан тағайындалған президенті Ақылбек Күрішбаев, Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) зертханаларына қонақ болды.

Осы сапар барысында ISSAI постдокторанты Азамат Ешмұхаметов tensegrity роботтарының жұмысын көрсетті. Кернеу құрылымы бар бұл инновациялық роботтар әртүрлі салаларға, соның ішінде барлау, бақылау және т.б. салаларда жоғары бейімділікке ие робот екендігін көрсетті. Өз кезегінде докторант Жанат Махатаева алғашқы синтетикалық кеңістікте жадыны құруға қабілетті жүйесін, адам жадысын арттырудағы ғылыми жұмысымен бөлісті. Жанаттың зерттеулері Альцгеймер сияқты дертке шалдыққан адамдарға AR негізіндегі көмекші технологияларды дамытуға жол ашады.

ISSAI операциялық қызмет жөніндегі директордың орынбасары Ербол Абсалямов, Күрішбаев мырзаға Институттың жасанды интеллекттіні қолданудағы зерттеулерімен таныстырып, оның ішінде қазақ тілі, компьютерлік жанар, адамның биометриясын тану және толықтырылған шындық бойынша негізгі зерттеу жобаларын көрсетті.

Кездесу соңында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев ISSAI зерттеу жобаларының жоғары деңгейіне тәнті болып, Қазақстан Республикасының бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі ретінде ISSAI мен аграрлық сектор арасындағы ынтымақтастықтың жемісті болуы мүмкін деген ұсыныс білдірді.

« of 5 »