16 ақпанда Назарбаев университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшелері, оның ішінде Қазақстан елі Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ерғалиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Рақымжан Ерназар, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтына қонақ болды (ISSAI).
Жоғары дәрежелі қонақтар институттың соңғы әзірлемелерімен және жобаларымен танысты. Постдокторант Азамат Ешмұхаметов қонақтарға роботтарды жасау кезінде жасанды интеллектіні қолданудың соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Постдокторант Жанат Махатаева өзінің зерттеу жұмысы туралы айтып берді. Ол адамның жадын ұлғайтудың алғашқы жүйесін, яғни синтетикалық кеңістікте жадыны құруға қабілетті жүйесімен таныстырды. Жанаттың зерттеулері Альцгеймер сияқты аурулары бар адамдар үшін AR негізіндегі ассистивті технологияларды әзірлеуге негіз бола алады.
ISSAI директорының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары Ербол Абсалямов, құрметті қонақтарға маңызды жасанды интеллект зерттеу жобаларымен, оның ішінде қазақ тілі, компьютерлік жанар, адамның биометриясын тану, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен толықтырылған шындық бойынша негізгі зерттеу жобаларын таныстырды. Ол институттың қазақ тіліне арналған үлкен тіл моделін (LLM) әзірлеу жөніндегі болашақ жоспарларымен бөлісіп, сондай-ақ бұл жоба үшін қажетті есептеу ресурстарының қажеттілігін айтты.
Аса маңызды қонақтар ISSAI-дың Қазақстандағы жасанды интеллекттіні дамытуға қосқан үлесі мен қызметін жоғары бағалап, қазақ тілі үшін LLM құрудың маңыздылығын атап өтті.