28 ақпанда «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ делегациясы Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтында (ISSAI) болды. ISSAI-дың негізін қалаушы, профессор Атакан Варол қонақтарға жасанды интеллект, компьютерлік көру, қазақ тіліне арналған тілдік модельдер саласындағы ISSAI ғылыми жобаларын ұсынды. Қонақтар институттың жобаларына жоғары қызығушылық танытып, болашақта әріптестік орнату ниеттерін білдірді.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері «Қазақ ТТS2» және «Ұмай» сияқты жеке жобаларды теміржол саласында, атап айтқанда, байланыс орталықтарының жұмысында қолдануға болатынын атап өтті.