2 наурызда Astana Hub сайтында Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының негізін қалаушы, профессор Атакан Варол мемлекеттік қызметкерлер үшін дәріс оқыды. Бұл шара Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен «Талдау мектебі – Школа аналитики» қоғамдық жобасы аясында ұйымдастырылды. Бұл жоба мемлекеттік басқару, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, БАҚ қызметі және азаматтық сектор салаларындағы аналитикалық әдістерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады.
Профессор Атакан Варол ISSAI-дың ғылыми жобалары туралы айта отырып, генеративті жасанды интеллект мүмкіндіктерімен таныстырды. Профессор өз сөзінде мемлекеттік сектордың жасанды интеллектті қалай пайдалана алатынын және қандай тәуекелдерді ескеру керектігін атап өтті.