15 наурызда Назарбаев Университетінде ЮНИСЕФ-пен бірлесіп «DPG модельдерін қолдау» бағдарламасын іске асыру аясында «Орта білім берудегі жасанды интеллект» тақырыбында семинар өтті. Шараға білім саласының 30-ға жуық маманы қатысты. Осы семинарда баяндама жасағандардың бірі ISSAI деректер талдаушысы Алина Полонская болды. Ол аудиторияға «ISSAI ғылыми-зерттеу жобалары: білім беру саласындағы қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Алина тыңдаушыларды институттың білім беру ортасында пайдалы болуы мүмкін жобаларымен таныстырды.