2024 жылдың 16 тамызында Джордж Вашингтон университетінің Деректер ғылымы бөлімінде оқитын жоғары курс студенті Бейбарыс Нюсупов Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтында (ISSAI) тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан өту барысында Бейбарыс кескіндермен де, мәтінмен де (VLM) жұмыс істеу үшін қажетті көрнекі және тілдік модельдердің мүмкіндіктерін біріктіретін ашық бастапқы коды бар жасанды интеллекттің жетілдірілген үлгілерімен жұмыс істеді. «Тәжірибе мен тапсырмалар шынымен де қызықты болды, бірақ сонымен бірге өте қиын да болды. Бұл менің генеративті ЖИ үлгілерімен бірінші рет жұмыс істеуім, сондықтан Linux жүйесінде бағдарламалауға тура келді», – деп түсіндірді Бейбарыс.
Бейбарыстың айтуынша тағылымдама оның жеке мақсаттарына да әсер еткен. Ол ашық бастапқы коды бар генеративті ЖИ бойынша зерттеулерін жалғастырып, осы тақырып бойынша өз жобасын бастауды жоспарлап отыр. Бейбарыс сонымен қатар Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамытуға үлес қосу үшін ISSAI-мен одан әрі жұмыс істеуге мүдделі екенін білдірді.
«Мүмкіндік болса, ISSAI-ге қайта оралуды жоспарлап отырмын, өйткені ISSAI – Қазақстанда ЖИ-ні дамытуға үлес қосуға ең жақсы орын», – деп, Бейбарыс ағынан жарылды.
ISSAI Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы білім деңгейін кеңейту мақсатында жергілікті және халықаралық университеттерде оқитын қазақстандық студенттерге қолдау көрсетуге ұмтылады.