2024 жылдың 20 тамызында Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) постдокторанты Төлеген Ахметов Қостанай қаласында өткен Қазақстан мұғалімдерінің ұлттық саммиті аясындағы білім беру қызметкерлеріне арналған аймақтық кездесулердің біріне қатысты.
ISSAI және Назарбаев Университетінің атынан Төлеген Ахметов «Толықтырылған шындық пен жасанды интеллектті қолдану нәтижесіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде өнеркәсіптік сектордағы цифрландырудың және өнеркәсіптік жағдайларда қауіпсіздік хаттамаларын жақсарту үшін толықтырылған шындық пен жасанды интеллект технологияларын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Төлеген ЖИ және компьютерлік көру саласындағы ISSAI жобалары мен әзірлемелерін таныстырып, институттың Қазақстан үшін ЖИ-іні дамытудағы рөлін атап өтті. Ол сонымен қатар техникалық мамандық мұғалімдерін студенттердің болашақта мансапқа дайын болуын қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламасына толықтырылған шындық пен ЖИ технологияларын енгізуге шақырды.
Биылғы іс-шара білім берудегі цифрлық инновацияларға арналды және жасанды интеллект пен озық технологияларды оқыту үдерістеріне біріктіруді талқылау үшін негізгі мүдделі тараптарды біріктірді.