Жаңалықтар

cover

2 қыркүйек 2024 ж.

ISSAI өңірлерде: Орал және Ақтау қалаларында семинарлар өткізілді

2024 жылғы 27-29 тамыз аралығында Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) атқарушы директоры Ербол Абсалямов өңірлерді қолдау бойынша ISSAI бастамасы аясында Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бірқатар семинарлар өткізді. Ол Батыс Қазақстанның Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінде және Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде болды.

Өңірлік оқу орындарына барған сапарында Ербол Әбсалямов әртүрлі факультеттердің, соның ішінде информатика, математика және филология пәндерінің ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларының әртүрлі топтары үшін бірқатар семинарлар өткізді. Бұл семинарлардың мақсаты ISSAI миссиясы мен зерттеу жобаларын таныстыру болды. Ербол семинарға қатысушыларға ынтымақтастық мүмкіндіктері, соның ішінде зерттеушілер алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы айтты. Ол студенттерді 2025 жылы ISSAI-дың жыл сайынғы өткізілетін жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасына қатысуға шақырды.

Аудитория тыңдармандары DGX жүйелеріне қол жеткізуге жоғары қызығушылық танытып, институт жобаларына қатысуға ынта-жігер  көрсетті. Батыс өңірінің зерттеушілері мен педагогтары ашық бастапқы коды бар табиғи тілді өңдеу үлгілері, деректер жинақтары және ISSAI нұсқаулары туралы оң пікірлерімен бөлісіп, ISSAI-дың олардың зерттеу жұмыстарына пайдасы мен елеулі үлесін атап өтті.

Бұл сапар ISSAI-дың аймақтық университеттерді құру және олармен байланыс орнату арқылы Қазақстан бойынша алдыңғы қатарлы зерттеушілік  және академиялық қауымдастықтар арасында берік серіктестік құру жөніндегі күш-жігері мен міндеттемесінің тағы бір маңызды қадамы болды.

ISSAI бастамасы жасанды интеллект саласындағы инновациялар мен сараптаманың серпінді экожүйесін ынталандыру арқылы, Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер деңгейін жақсартуға бағытталған.

« of 5 »