Жаңалықтар

cover

5 қыркүйек 2024 ж.

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесіндегі Гамбияның елшісі ISSAI-да болып қайтты

2024 жылғы 5 қыркүйекте БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесіндегі Гамбияның Елшісі және Тұрақты өкілі, профессор Мухаммаду М.О. Ках Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтына (ISSAI) болды. ISSAI-дың бас директоры, профессор Атакан Варол профессор Кахты қарсы алып, ISSAI атқарушы директоры Ербол Абсалямовты, сондай-ақ ISSAI директорының өнім және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, деректер бойынша аға талдаушы Мадина Абдрахманованы таныстырды.

Сапар барысында Мәдина Әбдірахманова институттың негізгі жобалары және  әзірлемелерімен таныстырды. Ол қазақ тіліне, компьютерлік көруге, бет-әлпетті тануға байланысты ISSAI жобаларын және Назарбаев Университетінің Медицина мектебімен бірлескен тамақтану саласындағы жасанды интеллект бойынша жобасын көрсетті. Тұсаукесер барысында Мәдина ISSAI-дың Қазақстандағы жасанды интеллекттің дамуына әсерін ерекше атап өтті. Ол ISSAI командасының  Қазақстандағы жасанды интеллектті дамытуда маңызды рөл атқаратын іргелі қазақстандық үлкен тіл үлгісімен (Kaz-LLM) жұмыс істеп жатқанымен бөлісті.

Профессор Ках ISSAI-дың зерттеу жобаларының деңгейін жоғары бағалады. БҰҰ өкілі ретінде профессор институтқа қолдау мен көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Өз кезегінде ISSAI өкілдері профессор Кахқа келгені үшін алғыстарын білдірді.

Екі тарап ынтымақтастық мүмкіндіктері бойынша одан әрі байланыстарды жалғастыру туралы шешім қабылдады.

« of 5 »