Ақнұр Қарабай институттағы жұмысын аяқтады. Ол 2019 жылдан бері ISSAI-дың негізгі қызметкері. Бес жылдық жұмыс кезеңінен және ISSAI ғылыми жобаларына елеулі үлес қосқаннан кейін Ақнұр Швейцариядағы беделді Ecole Polytechnique Fédérale de Lausanne (EPFL) университетінде докторлық бағдарлама бойынша оқуын бастайды.
Ақнұр 2018 жылы Назарбаев Университетін азаматтық-құрылысшы мамандығы бойынша инженер-бакалавр дәрежесімен бітірген. 2018 жылы Глазго университетінде құрылымдық инженерия бағыты бойынша магистратурада оқуды бастады. 2022 жылы Ақнұр АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет істері бюросының бастамасымен құрылған STEM саласындағы әйелдерге арналған тәжірибемен бөлісу және тәлімгерлікке негізделген TechWoman бағдарламасына қабылданды.
ISSAI-да жұмыс істеген уақытында Ақнұр Қарабай нәтижелері жетекші ғылыми журналдарда жарияланған эпидемияны модельдеу, ЖИ негізіндегі құрылымдық инженерия және тамақтанудағы ЖИ бойынша көптеген жобаларда басты рөл атқарды. ISSAI ұжымы өзінің академиялық сапарының жаңа тарауын бастаған Ақнұр Қарабайға ізгі тілектерін білдіреді.