Жаңалықтар

cover

21 қараша 2024 ж.

Soyle қосымшасы: баспасөз брифингінде ISSAI-дың  алғашқы  коммерциялық  ЖИ өнімінің тұсаукесері  жасалды

2024 жылғы 20 қарашада  Зияткерлік жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) қазақстандық БАҚ, соның ішінде Qazaqstan, Jibek Joly телеарналары, Astana Times газеті және «Литер» басылымы үшін баспасөз брифингін өткізді. Іс-шарада ISSAI профессоры Атакан Варол, өнім менеджері Ұлжан Бисаринова және директордың өнім және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары Мадина Әбдірахманова сөз сөйледі.

 Мадина Әбдірахманова қонақтарға хош көрсетіп, журналистерге жобаға ілтипат білдіргені үшін алғысын білдірді. Ұлжан Бисаринова қатысушыларды қосымшамен  таныстырып, оның негізгі мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін атап өтті. 

Спикерлер Қазақстанда және одан тыс жерлерде көптілді байланысты жақсартуға арналған Soyle қосымшасы туралы ақпарат берді. Бағдарлама ISSAI зерттеулерінің негізінде 5 ай ішінде жасалды. Сөзді тану, дауыс синтезі мен  қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдеріне аударуды қолдайтын  Soyle қосымшасы (soyle.nu.edu.kz)   оның  цифрлық байланыстағы  пайдалы құрал екенін көрсетеді. 

Пайдаланушы деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл  қосымша Назарбаев Университетінің суперкомпьютер кластерінде орналастырылған. Оны толығымен Назарбаев Университеті мен НЗМ қоры қаржыландырады. Болашақта жаңа мүмкіндіктерді енгізуді жоспарлау мақсатында  Қосымшаның  ақысыз нұсқасы (250 000 таңбаға дейін) және ақылы нұсқасы (9900 теңгеге 1 миллион таңбаға дейін) ұсынылып отыр. Оны жасауға мемлекеттің  немесе  салық төлеушілердің қаражаты пайдаланылған жоқ.

2024-11-21-16.08.48
« of 5 »