Команда

Әлмубди Мутайхан

Әлмубди Мутайхан

Ғылыми ассистент

Қызығушылығы:

  • Machine Learning (ML)
  • Natural Language Processing (NLP)
  • Web Technologies
  • AI-driven applications

Алмұбди Мутайхан – Назарбаев Университетінің Computer Science мамандығы бойынша бітіруші курс студенті. 2024 жылдың тамыз айынан бастап ISSAI институтында ғылыми ассистент және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші (Software Engineer) қызметтерін атқарып келеді. Ол MangiSoz және Qupia жобаларының әзірленуіне жетекшілік етіп, Oylan және Voice Studio жобаларына да үлес қосқан.

Ғылыми зерттеулері үлкен тілдік модельдердің қазақ тілін өңдеу ерекшеліктеріне, соның ішінде токенизаторлар мен сөздік қорды кеңейтуге, сондай-ақ ақпаратты іздеу (RAG) және модельдерді қосымша оқыту (Fine-tuning) әдістерін салыстыруға бағытталған. Сонымен қатар, ISSAI атынан түрлі іс-шараларға қатысып, институттың бейнематериалдарына түседі. Stanford университетінің халықаралық студенттерге арналған Probability for AI бағдарламасында ерікті оқытушы ретінде де қызмет етеді.

Оның басты мақсаты – Қазақстанда қазақ тілін терең түсініп, осы тілде ой қорыта алатын тиімді тілдік модельдерді дамытуға үлес қосу.

Байланыс үшін:

Email: almubdi.mutaikhan@nu.edu.kz