2025 жылғы 11 сәуірде Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. ISSAI атынан кездесуге атқарушы директор Ербол Абсалямов, IT өнімдер менеджері Амина Байкенова, мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджер Алайдаp Амирсеит және сыртқы байланыстар жөніндегі аға менеджер Айгерім Сарсенова қатысты. Айгерім Сарсенова кездесуде ISSAI институтының миссиясы мен негізгі жобаларын таныстырып, презентация жасады.
ЕЭК делегациясы ISSAI-дың бастамаларына жоғары қызығушылық танытып, институттың Қазақстандағы жасанды интеллектті дамытуға қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.
Кездесу барысында тараптар жасанды интеллектті дамытудың қазіргі жағдайы мен келешегін, оның ішінде инфрақұрылым, реттеу, өнеркәсіпте қолдану және бұл саладағы бар қиындықтарды талқылады. ЕЭК-тің жасанды интеллект жөніндегі жұмыс тобы өздері тап болып отырған мәселелермен бөлісіп, бұл қиындықтарды шешуде ынтымақтастық пен сарапшылық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Талқылау нәтижесінде ЕЭК ISSAI-ды жасанды интеллектті дамыту жөніндегі жол картасына енгізу ниетін растады, оны ИИ өнімдерін әзірлеу саласындағы флагмандық институт және сарапшылық топтың маңызды мүшесі ретінде таныды.