Жаңалықтар

cover

20 Қаңтар 2026 ж.

ISSAI жасанды интеллект және кадрларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты талқылау үшін Азия даму банкінің делегациясын қабылдады

2026 жылғы 20 қаңтарда Азия даму банкінің (ADB) делегациясы Астанадағы Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтына (ISSAI) жасанды интеллект және адами капиталды дамыту салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылау мақсатында келді.

ADB делегациясының құрамында Цифрлық сектор кеңсесінің (SD2) директоры Антонио Г. Сабальос, цифрлық технологиялар жөніндегі маман Бёнгджо Конг және цифрлық даму жөніндегі маман Санджар Саидходжаев болды. ISSAI тарапынан кездесуге институттың негізін қалаушы әрі директоры Хусейн Атакан Варол, атқарушы директор Ербол Абсалямов, өнімдер және сыртқы байланыстар жөніндегі директордың міндетін атқарушы Амина Байкенова, мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджер Алайдар Амирсеит және сыртқы байланыстар жөніндегі аға менеджер Айгерім Сарсенова қатысты.

Кездесу барысында Алайдар Амирсеит ISSAI қызметін таныстырып, институттың миссиясы, негізгі зерттеу бағыттары және жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Сондай-ақ ADB делегациясына ISSAI Playground платформасында қолжетімді ISSAI жасанды интеллект өнімдерінің демо-нұсқалары көрсетілді.

Талқылау барысында ықтимал ынтымақтастық бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда, жасанды интеллект саласында адами капиталды дамыту және әлеуетті арттыру мен кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыру мәселелері сөз болды.

« of 5 »