Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) жақында құрылған ALFA орталығының (Al-Farabi AI Center) өкілдерін қабылдап, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен тәжірибе алмасу жолдарын талқылады.
2025 жылдың желтоқсан айында құрылған ALFA орталығы қысқа уақыт ішінде ғылыми әлеуетінің жоғары екенін көрсетті: академиялық жарияланымдар саны артып, ұлттық гранттық қаржыландыру бағдарламаларына белсенді қатысуда.
ALFA орталығының делегациясы құрамында: бас директор Бағлан Иманбек, ғылым жөніндегі жетекші Жанель Байғараева, техникалық директор Бибарыс Амангелді және коммерциялық директор Нұрдәулет Тасмұрзаев болды.
Кездесу барысында сыртқы байланыстар жөніндегі аға менеджер Айгерім Сәрсенова ISSAI-дың миссиясы, негізгі қызмет бағыттары және жасанды интеллект өнімдерінің портфелі туралы презентация жасады. Презентацияда ISSAI-дың егеменді AI шешімдерін дамыту, ғылыми зерттеулерді ілгерлету және ұлттық AI экожүйесіне үлес қосу бағытындағы жұмыстары атап өтілді.
Кездесуге сондай-ақ атқарушы директор Ербол Абсалямов, өнім және сыртқы байланыстар жөніндегі директордың міндетін атқарушы Амина Байкенова және деректер талдау сарапшы Батыр Арыстанбеков қатысты.
Тараптар ынтымақтастықты дамытуға жоғары қызығушылық танытып, Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы инновацияларды жеделдету үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. ALFA орталығының өкілдері ISSAI қызметіне жоғары баға берді.
Кездесу жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен практикалық қолданбаларды дамытуға бағытталған ортақ ұстанымды көрсетіп, ISSAI мен ALFA орталығы арасындағы болашақ ынтымақтастықтың негізін қалады.