Жаңалықтар

cover

11 Маусым, 2026 ж.

Google өкілдері ISSAI-ға жасанды интеллектті дамыту және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін келді

2026 жылғы 11 маусымда Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) Google компаниясының өкілдері — MENA, Түркия және Орталық Азия бойынша Developer Relations бағытының жетекшісі Рамеш Чандерді және Developer Relations үйлестірушісі Бейза Сунай Гюлерді қабылдады.

Кездесуге ISSAI Бас директоры доктор Хусейн Атакан Варол, өнімдер және сыртқы байланыстар жөніндегі директордың орынбасары әрі аға Деректер талдаушысы Мадина Абдрахманова, өнімдер және сыртқы байланыстар жөніндегі директордың міндетін атқарушы Амина Байкенова, аға Деректер талдаушысы Ақылбек Мақсұтов және сыртқы байланыстар жөніндегі менеджер Ұлжан Әлібек қатысты.

Сапар барысында доктор Варол ISSAI-дың негізгі жетістіктері мен қазіргі бастамаларын таныстырды. Атап айтқанда, 2024 жылдың соңында KazLLM моделі шыққаннан кейін ISSAI Playground платформасында ұсынылған жаңа флагмандық модельдер мен өнімдер туралы айтып өтті.

Сонымен қатар Институттың жасанды интеллект инфрақұрылымы таныстырылды. Оның ішінде Назарбаев Университетінде орналасқан IRGETAS суперкомпьютері, ISSAI-дың Mangitas инференс сервері, сондай-ақ Институттың 2026 жылға арналған стратегиялық даму жоспары қамтылды.

Google өкілдері қолжетімді гранттық мүмкіндіктер туралы ақпарат беріп, ISSAI-дың ғылыми-зерттеу және технологиялық әзірлемелерін қолдауға дайын екендерін білдірді.

Кездесу ашық бастапқы кодқа негізделген зерттеулерді халықаралық ынтымақтастық арқылы дамыту жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік берді. Екі тарап та Қазақстанның жасанды интеллект экожүйесін одан әрі дамытуға үлес қоса алатын болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеуге қызығушылық білдірді.

« of 3 »