Жаңалықтар

cover

15 Шiлде 2026 ж.

ISSAI Summer Research Program 2026 финалдық жобалар презентацияларымен аяқталды

2026 жылғы 15 шілдеде Назарбаев Университетінің Senate Hall залында ISSAI Summer Research Program бағдарламасының финалдық жобалар презентациясы өтті. Бұл алты аптаға созылған қарқынды зерттеу бағдарламасының аяқталғанын білдіреді.

Іс-шара барысында қатысушылар ISSAI менторларының — зерттеушілердің, әзірлеушілердің және деректерді талдау мамандарының жетекшілігімен әзірлеген жобаларының нәтижелерін таныстырды. Презентациялар бағдарлама барысында меңгерілген білім мен практикалық дағдыларды, сондай-ақ қатысушылардың жасанды интеллект технологияларын нақты мәселелерді шешуде қолдана алатындығын көрсетті.

Іс-шара ISSAI негізін қалаушы директоры доктор Атакан Варолдың құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде профессор Варол биыл ISSAI талантты мектеп оқушылары мен университет студенттерінен 1200-ден астам өтінім қабылдағанын атап өтті. Қатаң бәсекелестік жағдайындағы іріктеу нәтижесінде бағдарламаға 77 қатысушы шақырылды. Биылғы топқа Қазақстан, Қырғызстан және Армениядан келген мектеп оқушылары, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропаның жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Профессор Варол биылғы бағдарламаның ауқымы мен жетістіктеріне тоқталып:

«Сандардан да маңыздысы — өлшеу мүмкін емес дүниелер: сіздер зерттеген көптеген жаңа идеялар, дамытқан сансыз дағдылар, орнатқан достық және кәсіби байланыстар, сондай-ақ жинақтаған баға жетпес тәжірибе», — деді.

Бағдарламаға Spectrum International School, Quantum TECH School, Quantum STEM School, Haileybury Astana, Бішкектегі Oxford International School, Nurorda School, Prometheus School, Shoqan Walikhanov Private School, еліміздің әртүрлі қалаларындағы Astana Bilim Innovation Lyceum for Gifted Girls және Bilim Innovation Lyceum for Boys, Ұлттық физика-математика мектебі, Назарбаев Зияткерлік мектептері сияқты білім беру ұйымдарының оқушылары, сондай-ақ IITU, KBTU, Назарбаев Университеті, Италиядағы LUISS University және басқа да жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Қатысушылар заманауи жасанды интеллекттің ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарын қамтитын бірнеше зерттеу бағыты бойынша жұмыс істеді: AI Avatars, Audio-Visual Models, Audio-Visual Speech Recognition, AI Agents, Mobile Applications, Software Engineering және Robotics.

Финалдық презентациялар барысында қатысушылар алты апталық бағдарлама аясында менторлардың жетекшілігімен әзірлеген түрлі жобаларын таныстырды.

Бағыт: AI Avatars

Ментор: Auyeskhan Alibekov

Жоба: AI Steam Game Advisor
Қатысушылар: Alimkhan Amanhzolov, Mukhammed Abdullaev

Жоба: Cinemate: Build a Web AI Avatar That Recommends Films
Қатысушылар: Dastan Kubanychbekov, Yerulan Meiirkhan

Жоба: AI Avatar: Virtual Learning Platform
Қатысушы: Kausar Nurgali

Бағыт: Audio-Visual Models

Ментор: Anuar Aryngazin

Жоба: Constructing an Annotated Kazakh Speech Dataset
Қатысушылар: Assylay Tabyldy, Nurislam Kuanyshev, Adiya Yessen, Dinmukhammed Yntykbay, Nurdaulet Turat, Beknur Ualikhanuly

Бағыт: Audio-Visual Recognition

Менторлар: Rakhat Meiramov, Adema Sharipova

Жоба: Kazakh–Russian Sign Language to Speech
Қатысушылар: Ali Bidanov, Aisanat Bektai, Alikhan Mukangaliyev, Asan Tasmulaev, Zhoshy Khalelov, Adilet Tasbolat, Azamat Tasbolatov, Seymur Aghayev

Бағыт: AI Agents

Менторлар: Akylbek Maxutov, Nartay Aikyn

Жоба: Gambit: In-Match Tactical Analysis and Counterfactuals
Қатысушы: Akylzhan Alin

Жоба: Evaluating VLMs as Judges
Қатысушы: Artur Karnakbayev

Жоба: CultureFix — Fixing Cultural Errors in AI-Generated Images with Image Retrieval
Қатысушы: Zhasulan Oraz

Жоба: Does Answer Order Change the Answer? Measuring Position Bias in LLMs
Қатысушы: Zhaniya Bostibay

Жоба: Echo — Same Question, Different Words: Are LLMs Robust to Paraphrasing?
Қатысушы: Aisha Tazhibakhyt

Жоба: Chaff — Can LLMs Ignore Noise? Testing Robustness to Irrelevant Information
Қатысушы: Sulu Saurykova

Жоба: Veneer — How Much Is in the Prompt?
Қатысушы: Adiya Mukhambetzhan

Жоба: Project Title to Be Confirmed
Қатысушы: Zhamilya Duisebek

Жоба: Blueprint — An Agent That Generates Images with a Structured Layout Plan
Қатысушы: Dastan Nureden

Жоба: Iterative AI Agent for Image Generation and Improvement
Қатысушы: Daniil Svetlov

Жоба: StoryCut — From One Idea to a Storyboard of Keyframes
Қатысушы: Amir Zakirzyanov

Жоба: Oracle — Can AI Predict Football and Know When It Is Just Guessing?
Қатысушы: Alikhan Kassen

Жоба: PlanLens — Diagnosing Structural Planning Failures in AI Agents
Қатысушы: Nurdaulet Abdrakhman

Жоба: Trajectory-Level Trust Scoring for AI Agents
Қатысушы: Daniyal Kozyrev

Жоба: FactCheck — Post-Match Analysis Faithfulness
Қатысушы: Aidar Suanbek

Жоба: Replay — Image-Based Incident Understanding
Қатысушы: Erasyl Magauya

Жоба: Heatmap — In-Match Player Performance Analysis
Қатысушы: Jaleel Gabitov

Жоба: Live-xG — Sequential Probability Tracking Benchmark
Қатысушы: Alikhan Islambek

Жоба: StyleLock — Can an Agent Make Visual Style Consistent?
Қатысушы: Ramazan Zhanuzak

Жоба: Pulse — In-Play Match Reasoning
Қатысушы: Abay Atazhan

Бағыт: AI Agents

Ментор: Mamyrbek Parakhat

Жоба: Adapting OmniVoice to Kazakh While Improving Speech Quality and Voice Controllability
Қатысушы: Shyngys Sovetkhan

Жоба: FP4-Speech — Hardware-Based 4-Bit Inference for Speech Models on NVIDIA Platforms
Қатысушы: Arnur Yembergen

Бағыт: Mobile Applications

Ментор: Akjan Yerkin

Жоба: CozyStudy — A Mobile Application for Study Planning and Productivity
Қатысушы: Samira Duanbaeva

Жоба: ZhanUNI — Solving the Research Chaos
Қатысушы: Mariyam Yelemes

Жоба: EcoGuest
Қатысушы: Ayliz Omurzakova

Жоба: PlaniX
Қатысушы: Gauhar Bissembay

Жоба: Bastau App — AI Startup Incubator
Қатысушы: Almansur Tolepbergenov

Жоба: Finwise — A Gamified Mobile App Teaching Children and Teenagers How to Manage Money in Kazakh, Russian, and English
Қатысушы: Asanali Sabyrzhan

Жоба: GLOW — A Mobile Application for Study Planning and Productivity
Қатысушы: Madiyar Adilbek

Жоба: Cashexx — The Future of Frictionless Financial Intelligence
Қатысушы: Magzhan Yessengeldi

Жоба: Pandu — Mobile Skincare Companion
Қатысушы: Anri Zhan

Бағыт: Software Engineering

Менторлар: Nazira Sabyraly, Alar Akilbekov

Жоба: JolFix
Қатысушы: Nazym Sankibay

Жоба: Bookly Site Presentation
Қатысушы: Yertay Jandarbek

Жоба: SentrySite AI
Қатысушы: Berdykhan Turdykhan

Жоба: Project Title to Be Confirmed
Қатысушы: Aibike Nurakhan

Жоба: TalentAI
Қатысушы: Zhasmin Zhussipkyzy

Жоба: Tender AI
Қатысушы: Bogdan Glazkov

Жоба: Games Browser
Қатысушы: Iaroslav Babutin

Жоба: CityHelper AI — Next-Generation Conversational Smart City Navigation Platform
Қатысушы: Taubek Smagulov

Жоба: AI PC Build Assistant
Қатысушы: Maxim Yagmurov

Жоба: DebateHelp
Қатысушы: Abish Abdikalikov

Бағыт: Robotics

Менторлар: Gourav Deppa, Dias Akimbay

Жоба: Manipulator for Educational Purposes
Қатысушылар: Nuray Makuova, Zhaniya Kaliyeva, Aruzhan Kuandyk

Жоба: Building a Drone Quadcopter
Қатысушылар: Yerassyl Berdybek, Vitali Courtney, Beren Murat, Maxim Danilkin

Жоба: Design and Simulation of a 4-DOF Manipulator with a Soft Gripper
Қатысушылар: Daniil Yanson, Iskander Rakhmatullin, Targyn Faizulla, Serzhan Kadylbek, Shynggys Galymuly, Aldiyar Tolegen

Жоба: Soft Robotics
Қатысушылар: Tair Mukashev, Sabina Umirzhanova, Amirkhan Kaliyev, Aldiyar Almenov

Алты апта бойы қатысушылар теориялық дәрістерге, шеберлік сабақтарына, воркшоптарға және академиялық орта мен индустрия сарапшылары өткізген жеті қонақ дәріске қатысты. Сонымен қатар олар Astana Hub пен Назарбаев Университетінің Технопаркіне барған үш индустриялық сапарға қатысып, Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан инновациялық экожүйесі туралы көбірек білуге және технологиялық компаниялар мен стартаптардың өкілдерімен кездесуге мүмкіндік алды.

Финалдық презентацияларға қатысушылардың ата-аналары, ISSAI өкілдері, сондай-ақ Назарбаев Университетінің профессорлары мен оқытушылары қатысты. Бірқатар ата-ана іс-шараға онлайн форматта қосылды. Көрермендер қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және ұсынылған жобалардың сапасын атап өтті.

Бағдарламаға бастапқы дайындық деңгейі әртүрлі студенттер қатысты. Кейбір қатысушылар бағдарламалаудан және жасанды интеллекттен бұрыннан тәжірибеге ие болса, басқалары бағдарламалау салында аз немесе мүлдем тәжірибесіз бастады. Дайындық деңгейлеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, барлық қатысушы бағдарламаны сәтті аяқтап, зерттеу жобасына үлес қосты және өз нәтижелерін аудитория алдында таныстырды.

ISSAI барлық қатысушыларға олардың ынтасы, табандылығы және қажырлы еңбегі үшін, сондай-ақ бағдарлама барысында оларға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берген менторларға шынайы алғысын білдіреді.

Қатысушыларды ISSAI Summer Research Program 2026 бағдарламасын сәтті аяқтауымен құттықтаймыз! Оларға алдағы оқуында, ғылыми-зерттеу жобаларында, презентацияларында және кәсіби қызметінде зор табыс тілейміз!

« of 14 »