2026 жылғы 12 тамызда ISSAI атқарушы директоры Ербол Абсалямов Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған, Халықаралық жастар күніне орай өткен «МАЗМҰН: Мағынадан басталатын контент» республикалық жастар конференциясына қатысты.
Өз баяндамасында Ербол Абсалямов ISSAI-дың жасанды интеллект саласындағы жұмысы туралы айтып, Институттың MangiSoz, Oylan және ISSAI Voice Studio сияқты негізгі өнімдерін таныстырды.
Сонымен қатар, ол қазақ тілінің интернет кеңістігіндегі қолданысын арттырудың маңыздылығына тоқталды. Қазақ тілінің цифрлық кеңістікте кеңінен қолданылуы тілдің дамуы үшін ғана емес, қазақ тіліндегі контентті түсініп, оны жасай алатын анағұрлым қабілетті жасанды интеллект модельдерін дамыту үшін де маңызды.
Конференция барысында түрлі сала өкілдері сөз сөйледі. Олардың қатарында Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры Арын Құнанбай; жеке стилист әрі fashion-инфлюенсер Булбул Калканбаева; Steppe & World баспасының директоры Гүлбану Ережепова; актер, BalaFunny командасының авторларының бірі Бекжан Бисембаев; сондай-ақ комик әрі блогер Жансая Мұратбекқызы болды.
Конференцияда қазақ тіліндегі сапалы цифрлық контент қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Спикерлер жастар мен контент жасаушыларды интернеттегі қазақтілді контенттің дамуы мен ауқымын кеңейтуге өз үлестерін қосуға шақырды.
Біз цифрлық дәуірдегі қазақ тілінің болашағы және оның дамуы мен өркендеуін қолдаудағы жасанды интеллекттің рөлі туралы маңызды пікірталасқа өз үлесімізді қосқанымызды мақтан тұтамыз.
ISSAI-дың жасанды интеллект өнімдерін мына жерден сынап көруге болады: https://issai.kz/