Вакансиялар

Деректер ғалымы (Data Scientist)

ISSAI

Астана, Қазақстан / Толық жұмыс уақыты

Компания туралы: Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) 2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның цифрлық саласында жасанды интеллект бойынша зерттеу мен инновацияның драйвері ретінде құрылды. ISSAI Азия, Еуропа және Америка Құрама Штаттарының озық тәжірибесін ескере отырып, жасанды интеллект саласында ұлттық зерттеу әлеуетін дамытуды мақсат етеді. ISSAI білім беру, өнеркәсіп және мемлекеттік басқару саласындағы ұлттық және халықаралық серіктестермен зерттеу, инновация және ынтымақтастық үшін икемді шеңбер ұсынады және ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізу барысында Қазақстанның цифрлық экожүйесіне үлес қосады.

Қызығушылық танытқан үміткерлер осы лауазымға төмендегі сілтеме арқылы өтінім бере алады: hr_issai@nu.edu.kz

Лауазымдық міндеттер:

Деректер ғалымы келесі міндеттер мен жауапкершіліктерді орындайды:

1) деректерді жинау, тазалау және алдын ала өңдеу;

2) ЖИ-ге қатысты жобалар бойынша NU факультетімен тығыз жұмыс істейді және кеңеседі;

2) терең оқытуға негізделген модельдерді іске асырады;

3) модельдерді бағалау және талдау жүргізеді;

4) модельдер құру үшін өнеркәсіп секторынан сұраныстарды жинайды;

5) псевдокодпен берілген алгоритмдерді TensorFlow және PyTorch сияқты машиналық және терең оқыту фреймворктарын пайдаланып іске асырады;

6) қажетті дебаггингті орындайды;

7) модельдің модульдік тестілеуін, сандық дәлдігі мен өнімділігін тексереді;

8) терең оқыту модельдерін оқыту мен талдауды автоматтандыру үшін құралдар мен жүйелер құрады;

9) қажет болған жағдайда қолданыстағы машиналық және терең оқыту модельдерін баптайды;

10) басшы мен Институт басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды;

11) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

12) еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауға жауапты болады;

13) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, құпия және қызметтік ақпараттың жария етілуіне немесе таралуына жол бермеуге жауапты болады;

14) NLP және/немесе компьютерлік көру саласындағы тәжірибе артықшылық болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Жоғары кәсіптік білім, оқыту тілі ағылшын тілінде болатын жоғары оқу орындарынан түлектер артықшылықты;

Информатика, машиналық оқыту немесе соған ұқсас бағыт бойынша магистр дәрежесі болғаны жөн.

Басым мамандықтар:

– информатика;

– жасанды интеллект;

– математика;

– робототехника немесе соған ұқсас мамандықтар.

Кемінде 3 жыл кәсіби тәжірибе.

Қосымша ақпарат:

Қажетті дағдылар:

– машиналық және терең оқыту модельдерін әзірлеу бойынша білім;

– Linux операциялық жүйесі мен тиісті жабдық туралы білім;

– машиналық оқыту туралы білім;

– жасанды интеллект алгоритмдері мен модельдерін әзірлеу туралы білім;

– MS Office, Excel, PowerPoint білу;

– Linux ортасында әзірлеу дағдылары;

– ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру;

– деректерді жинау, тазалау және алдын ала өңдеу дағдылары;

– жақсы бағдарламалау дағдылары;

– NLP және/немесе компьютерлік көру саласындағы тәжірибе;

– жасанды интеллект модельдерін тану және бағалау дағдылары;

– жоғары деңгейдегі коммуникативтік дағдылар.