Жаңалықтар

cover

8 Қараша, 2026

Доктор Азамат Ешмұхаметов Бейжіңде өткен ICMIA 2026 халықаралық конференциясында шақырылған спикер ретінде баяндама жасады

2026 жылғы 8 қарашада Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) жанындағы Advanced Robotics and Mechatronics Laboratory (ARMS) зертханасының жетекшісі, Есептеу техникасы және жасанды интеллект мектебінің (SCAI) ассистент-профессоры доктор Азамат Ешмұхаметов Қытайдың Бейжің қаласында өткен ICMIA 2026 – Wiley Advanced Summit халықаралық конференциясына шақырылған спикер ретінде қатысты.

Озық материалдар, зияткерлік өндіріс және жасанды интеллект тақырыптарына арналған халықаралық конференция зерттеушілер мен сала сарапшыларын жинап, жаңа технологиялар мен оларды қолдану жолдары туралы тәжірибе және пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Chinese Association of Development Strategy Studies қауымдастығының шақыруымен доктор Ешмұхаметов «Intelligent Sensing and New-Generation AI» симпозиумы аясында «AI-Empowered Signal Processing and Sensing Technologies» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада жасанды интеллектінің сигналдарды өңдеу үдерісін жетілдірудегі және анағұрлым зияткерлік, бейімделгіш әрі тиімді технологиялық жүйелерді әзірлеудегі мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ AI-ға негізделген тәсілдердің сенсорлық мүмкіндіктерді кеңейтуге және түрлі салаларда инновациялық шешімдерді дамытуға қосатын әлеуеті атап өтілді.

Іс-шара халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерімен зерттеу бағыттары бойынша пікір алмасуға және болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға да алаң болды.

ISSAI институтының халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы жасанды интеллект саласындағы зерттеулерді дамытуға және әлемнің жетекші ғалымдары мен ғылыми ұйымдарымен байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.

« ‹ of 3 › »