ISSAI NU
  • Институт туралы
  • Жаңалықтар
  • Зерттеу
    • Ғылыми жобалар
    • ISSAI Github
    • ISSAI Hugging Face
    • ISSAI деректер жиынтығы
    • AI Computing
    • Публикациялар
  • Playground by ISSAI
    • Oylan
    • MangiSoz
    • ISSAI Voice
    • Tilsync
  • ISSAI AI EDU HUB
  • Команда
    • Байқаушы Кеңес
    • ISSAI Alumni
  • ЖЗП
    • 2024
    • 2025
    • 2026
  • Conference on Math and AI
email
email
  • Eng
  • Qaz
  • Rus
  • ISSAI
      • Институт туралы
      • Жаңалықтар
      • Ғылыми жобалар
      • ISSAI Github
      • ISSAI Hugging Face
      • ISSAI деректер жиынтығы
      • AI Computing
      • Публикациялар
      • Playground by ISSAI
      • Oylan
      • MangiSoz
      • ISSAI Voice
      • Tilsync
      • ISSAI AI EDU HUB
      • Команда
      • Байқаушы Кеңес
      • ISSAI Alumni
      • ЖЗП 2024
      • ЖЗП 2025
      • ЖЗП 2026
      • Conference on Math and AI
    ← ISSAI

    2024 жылғы 22 қазанында күшіне енді

    Пайдаланушылық келісімі

    1. Қызмет провайдері

    1.1. Осы Пайдаланушылық келісімі жеке немесе ұйымның атынан әрекет ететін сіз бен («сіз», «пайдаланушы») «Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» жеке мекемесінің арасында, Сіздің Қызметтерге қол жеткізуіңізге және пайдаланушыңызға қатысты жасалған заңды түрде міндетті жария шарт болып табылады.

    1.2. «Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» жеке мекемесі («ISSAI», «біз»), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасы, Астана қаласы 010000, Қабанбай батыр даңғылы, 53 мекенжайында жұмыс істейтін заңды тұлға. Бизнес сәйкестендіру нөмірі 100940009716.

    1.3. Біз осы шарттарға бағынатын қызметтердің кең ауқымын ұсынамыз, соның ішінде: қолданбалар, сайттар, платформалар және осы Пайдаланушылық келісіміне сілтеме жасайтын немесе кіретін басқа байланысты өнімдер мен қызметтерді бақарамыз (бұдан әрі «Қызмет», «Қызметтер»).

    1.4. Қызметтерге қол жеткізе отырып, Сіз осы Пайдаланушылық келісімінің барлық шарттарын оқып, түсінің, оны сақтауға келісесіз. ЕГЕР СІЗ ОСЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КЕЛІСІММЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, ОНДА СІЗГЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА НАҚТЫ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ ЖӘНЕ СІЗ ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУДЫ ДЕРЕУ ТОҚТАТУЫҢЫЗ КЕРЕК.

    2. Пайдаланушы туралы ақпарат және қызметтерді басқару

    2.1. Қызметті пайдалану үшін сізге тіркеу қажет болуы мүмкін. Сіз өзіңіздің құпия сөзіңізді құпия сақтауға және есептік жазбаңыз бен паролыңызды пайдаланумен байланысты барлық әрекеттер үшін жауап бересіз. Егер біз өз қалауымыз бойынша мұндай пайдаланушы атын орынсыз, әдепсіз немесе басқа жолмен қажетсіз деп санасақ, таңдаған пайдаланушы атын жою немесе өзгерту құқығын өзімізге қалдырамыз.

    2.2. Қызметті пайдалану арқылы сіз мыналарды мәлімдейсіз және кепілдік бересіз: (1) тіркелу кезінде берген барлық ақпараттың шынайы, дәл, ағымдағы және толық болатынын; (2) сіз бұл ақпаратты жаңартып, тіркелу деректерін қажет болған жағдайда жаңартуыңызды; (3) сіз осы Шарттарды орындауға әрекет қабілеттілігіңіз бар және оны орындауға келіскеніңізді; (4) егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз, Сізге Қызметтерді пайдалануға ата-аналарыңыздың рұқсаты берілгенін.

    2.3. Сіз біздің Қызметтерімізді кез-келген заңсыз, зиянды немесе теріс пайдалану мақсатында пайдалана алмайсыз.

    ISSAI
    53, Қабанбай батыр даңғылы, 1 блогы, Назарбаев Университеті, Астана 010000, Қазақстан
    issai@nu.edu.kz
    +7 (7172) 70-5981
    +7 (7172) 70-6139
    instagram linkedin youtube x
    Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence. Nazarbayev University 2026
    Құпиялылық саясаты · Пайдаланушылық келісімі