Проектілер

Қазақша сөз синтездеу технологиясы

Қазақша сөйлеу синтезін көрсетуге арналған нұсқаулық:

– Төмендегі өріске қазақ мәтінін енгізіңіз (Тек Кириллица әріптері мен тыныс белгілерін қолданыңыз, сандар мен басқа арнайы белгілер мәтін түрінде жазылуы керек. Жақсырақ синтездеу үшін ұзын мәтінді қысқа сегменттерге бөліңіз.)
– Содан кейін «GET AUDIO» батырманы басыңыз
– Веб-бет қайта ашылады және сіз енгізген мәтіннің астында аудионы таба аласыз. Аудионы тыңдау үшін «Play» батырманы басыңыз.

Зерттеулер мен инновацияларды ынталандыру және цифрлық технологияларды қазақшалау мақсатында, Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты қазақ тіліңдегі сөзді синтездеу жобаcын жүзеге асырды. Сөзді синтездеу технологиясы – бұл мәтінді дауысқа айналдырып шығару технологиясы. Ол жазылған мәтінді дыбыстық сигналға түрлендіруге негізделген. Мұндай технология – компьютердің қазақ мәтінін дыбыстауы қажет ететін интерактивті виртуалды ассистенттер, навигациялық жүйелер, хабарлау жүйелері, және нашар көретіндерге арналған көмекші технологиялар сияқты көптеген қосымшалардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл адам мен технологияның визуалды және тактильді интерфейстердің көмегісіз әрекеттесуіне мүмкіндік береді.

Қазақша сөзді синтездеу жүйелерін құру үшін біз ISSAI жасаған KazakhTTS дерекқор базасын пайдаландық. KazakhTTS – бұл екі кәсіпқой спикердің (бір еркек және бір әйел) оқыған 90 сағаттан астам аудионы қамтитын жоғары сапалы тегін дерекқор базасы. KazakhTTS дерекқор базасы Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша академиялық және коммерциялық мақсаттында қолданулу үшін қол жетімді.

Егер сіз ISSAI-дың KazakhTTS дерекқор базасын коммерциялық мақсаттарда пайдалансаңыз, өнімге немесе қызметіңізге осы мәлімдемені қосыңыз:

Біздің өнімде Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша қол жетімді ISSAI KazakhTTS (https://doi.org/10.48342/bkzq-tp58) дерекқор базасы қолданылды.

Егер сіз ISSAI-дың KazakhTTS дерекқор базасын зерттеу үшін қолдансаңыз, дәйексөз келтіріңіз:

Mussakhojayeva, S., Janaliyeva, A., Mirzakhmetov, A., Khassanov, Y. and Varol, H.A., 2021. KazakhTTS: An Open-Source Kazakh Text-to-Speech Synthesis Dataset. arXiv preprint arXiv:2104.08459

Исеке есімді ер адамның синтетикалық даусымен дыбысталған Қорқыт ата туралы видеоны көріңіз
Райя есімді әйел адамның синтетикалық даусымен дыбысталған Дина Нұрпейісова туралы видеоны көріңіз