Жаңалықтар

cover

18 қараша 2022 ж.

ISSAI мүшелері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған “Қазақ тілінің ақпараттық кеңістігі және Ұлттық корпустер құрастыру тәжірибесі” конференциясына қатысты

2022 жылғы 15 қарашада ISSAI мүшелері Құралай Байменова, Саида Мұсақожаева және Рүстем Ешпанов Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған “Қазақ тілінің ақпараттық кеңістігі және Ұлттық корпустар құрастыру тәжірибесі” конференциясына қатысты. Конференция Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясында өтті және Қазақ тіл білімінің Қолданбалы лингвистика саласының негізін салушы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың 85 жылдық мерейтойына орай өтті. Тіл білімі институтының директоры доктор Анар Фазылжан ISSAI мүшелерін конференцияға жасанды интеллект пен машиналық оқыту зерттеулер саласында Қазақстандағы жетекші ғылыми мекеме ретінде шақырды.

ISSAI зерттеушілерінің баяндамасы қазақ тіліне арналған жасанды интеллект жобаларына, атап айтқанда қазақ тілі корпусы, қазақ тілі корпусы 2, қазақ мәтінді сөзге айналдыра алатын технологиясы, қазақ мәтінді сөзге айналдыра алатын технологиясы 2 және қазақша аталған объектілерді тану деректер жинағы туралы болды. Баяндамашылар жобалар туралы айтып, конференция қатысушыларына демо-нұсқаларын көрсетті. Сонымен қатар, корпусты дамыту бастамалары аясында өзбек сөйлеу корпусы, түрік сөйлеу корпусы және түркі сөйлеу корпусы сияқты жобалар қысқаша айтылды.

Конференцияның басқа баяндамашыларының қатарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері мен лингвистері болды. Олар келесі жобалар туралы баяндама жасады:

·  “Асқар Жұбановтың шығармаларындағы лексикалық-семантикалық топтарды кодтау мәселелері және корпустарға семантикалық белгілерді енгізудің әлемдік тәжірибесі”

·  “Қазақ тілінің Автоматты сөздігі: қазақ сөз формасының синтезі”

·  “Статистикалық есептеулер және ықтималдықтар теориясы”

·  “А. Жұбановтың шығармаларындағы сөйлеу корпустарын құрудың әлемдік тәжірибесі және қолданбалы лингвистиканың фонетикалық аспектілері”

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты – қазақ тілін ғылыми тұрғыда іргелі және қолданбалы бағдарламалар аясында зерттеумен айналысатын, қазақ тілі мен түркітанудың іргелі әрі қолданбалы мәселелерімен шұғылданатын бірден-бір ғылыми мекеме, ғылыми-лингвистикалық орталық. 1990 жылы 26 ақпанда Тіл білімі институтына көрнекті мемлекет қайраткері, ағартушы және лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлының аты берілді. Институт грамматика, лексикология, фонетика, лингвомәдениет, ономастика, қазақ терминологиясы, сондай-ақ лингвокогнитология, қолданбалы лингвистика, Корпустық лингвистика, этнолингвистика және қазақ әдеби тілінің тарихы салаларында зерттеулерді жүргізеді.