Жаңалықтар

cover

26 Маусым 2025 ж.

ISSAI Beynele моделін іске қосты — Қазақстандағы мәтінді кескінге түрлендіретін алғашқы көптілді, мәдениетке бейімделген ЖИ моделі

Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) Қазақстанның бай мәдени және тілдік мұрасын бейнелеу үшін жасалған мәтіннен кескін  тудыра алатын Beynele атты көптілді модельді ұсынады.

Beynele дегеніміз не?

Beynele — мәтіндік сауалдарды жоғары сапалы, көркем кескіндерге айналдыратын диффузияға негізделген генеративті жасанды интеллект моделі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қолдай отырып, бұл модель әртүрлі тілдік қауымдастықтарға ыңғайлы әрі инклюзивті тәжірибе ұсынады. Техникалық құрылымы бойынша әлемге танымал Stable Diffusion сынды модельдерге ұқсас болғанымен, Beynele қазақ мәдени контекстін терең сіңіруімен ерекшеленеді.

Beynele моделін ерекше ететін не?

Жаһандық деректер жиынында оқытылатын жалпы модельдерден айырмашылығы, Beynele мұқият таңдалған деректер жиындарының негізінде оқытылды, соның ішінде:

• Қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен бейнелеу үлгілері
• Ұлттық киімдер мен мәдени мотивтер
• Қазақ даласының пейзаждары
• Қазақстандағы күнделікті өмірден алынған көріністер

Бұл мәдени негіз модельге тек көрнекі түрде дәл емес, сонымен қатар жергілікті бірегейлікті құрметпен және шынайы түрде көрсететін кескіндерді жасауға мүмкіндік береді. Бұл Beynele-ні жергілікті мәдениеттің визуалды кодын «түсінетін» Қазақстандағы алғашқы ЖИ моделі етеді.

Негізгі ерекшеліктері:

• Көптілді сауалдарды қолдау: Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндермен жұмыс істей алады.
• Мәдени хабардарлық: Қазақ мәдениетінің дәстүрлі және қазіргі аспектілерін дәл көрсете алады.
• Әртүрлі салаларға бейімделуі: Мұғалімдер, зерттеушілер, дизайнерлер, суретшілер мен контент жасаушылар үшін таптырмас құрал.

«Beynele арқылы біз жай ғана кескіндер емес, бірегейлік пен болмысты түсінетін технология жасап жатырмыз», — дейді ISSAI IT өнім менеджері Амина Байкенова. «Бұл модель қазақ тілінде сөйлейтін қолданушылар мен шығармашыл жандардың ойларын табиғи әрі шынайы түрде бейнелеуге мүмкіндік береді». 

Beynele — жай ғана технологиялық жетістік емес, бұл біздің тілімізді, оқиғаларымызды және көркем әлемімізді түсінетін жасанды интеллект жасау жолындағы үлкен қадам. Өңірде алғашқысы бола отырып, Beynele ISSAI-дың этикалық және жергілікті мәні бар жасанды интеллект жаңашылдығына деген ұстанымын көрсетеді.

Толығырақ ақпарат алу үшін немесе Beynele-ні қолданып көру үшін beynele.nu.edu.kz сайтына кіріңіз.