AI & Digital Bridge 2026 аясында Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) сөйлеу және тіл технологиялары, жасанды интеллект және интеллектуалды есептеу салаларында маманданған жетекші қытайлық iFLYTEK компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға ISSAI бас директоры доктор Хусейн Атакан Варол және iFLYTEK Open Platform Business Group компаниясының вице-президенті, халықаралық бизнес бағытының президенті Чжоу Чуаньфу қол қойды.
Келісімге iFLYTEK өкілдерінің қыркүйек айының басында ISSAI кеңсесіне жасаған сапарынан кейін қол қойылды. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.
Серіктестік жасанды интеллект, сөйлеу және тіл технологиялары, ғылыми зерттеулер және білім алмасу бағыттарындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың AI экожүйелері арасындағы байланысты дамытуға бағытталған.