Жаңалықтар

cover

30 Қазан, 2026

Ұлттық құрылтай мүшесі Тілектес Адамбеков ISSAI институтына келді

2026 жылғы 30 қазанда Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) Қазақстан Республикасы Ұлттық құрылтайының мүшесі Тілектес Адамбековті қабылдады.

Кездесуге ISSAI бас директоры әрі Есептеу техникасы және жасанды интеллект мектебінің (SCAI) деканы Хусейн Атакан Варол, атқарушы директор Ербол Абсалямов, өнімдер және сыртқы байланыстар жөніндегі директордың орынбасары Амина Байкенова, сыртқы байланыстар жөніндегі менеджер Ұлжан Әлібек қатысты. Сондай-ақ SCAI атынан бас әкімшілік директор Дана Маханова, профессор, ғылыми зерттеулер және инновациялар жөніндегі деканның орынбасары Дурвудхан Сураган және профессор Маттео Рубаготти қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар цифрландыру, жасанды интеллект және робототехника салаларындағы өзекті мәселелер мен болашақ мүмкіндіктерді талқылады. Аталған бағыттарды дамытудағы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялардың рөліне ерекше назар аударылды.

Сапар аясында Тілектес Адамбеков ISSAI жанындағы Автономды робототехника және мехатроника жүйелері (ARMS) зертханасын аралады. Зертханаға экскурсия барысында зерттеушілер мен Fall Research Program бағдарламасының қатысушылары өздерінің робототехника саласындағы жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларын таныстырды.

Сапар Қазақстанда жасанды интеллект пен робототехниканы дамыту мәселелері бойынша пікір алмасуға, сондай-ақ ISSAI мен Назарбаев Университетінде жүзеге асырылып жатқан ғылыми бастамалар мен технологиялық шешімдерді таныстыруға мүмкіндік берді.

« ‹ of 4 › »