Жаңалықтар

cover

1 желтоқсан – ISSAI ғалымдары өз жобаларын Масимов мырзаға көрсетті

2020 жылдың 1 желтоқсанында ISSAI командасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аясында НУ ғылыми-зерттеу көрмесі аясында Кәрім Мәсімов мырзаға өз жобаларын көрсетті. 

ISSAI директоры профессор Атакан Варол Денсаулық сақтау саласына арналған ЖИ: кеуде қуысының рентгенографиясының патологиясын жіктеу жүйесі жобасын көрсетті; доктор Ерболат Хасанов ЖИ дауыстық технологиялар: Қазақ тілі корпусы + казақ тілін автоматты түрде танужобасын көрсетті; деректер талдаушы Асқат Куздеуов “ақылды қалалар”: Covid-19 Стохастикалық эпидемиялық симуляторы жобасын ұсынды.

ISSAI ғалымдары технологияның нақты өмірде қалай жұмыс істейтінін көрсету үшін әр жобаның қысқа демо-нұсқаларын көрсетті. Нұр-сұлтан қаласының мемлекеттік ауруханасының дәрігері Тұрсынханов мырза денсаулық сақтауға арналған ЖИ жобасы үшін бейнеконференция арқылы тікелей эфирде біздің рентгендік диагностикалық аспапты қалай қолданатынын көрсетті. 

ЖИ дауыстық технологиялар жобасы үшін доктор Хасанов біздің модель қазақ сөзін қалай танитынын және сөзді мәтінге айналдыратынын тікелей эфирде көрсетті. Ол үшін ол қазақ тілінде бірнеше сөйлемді дауыстап айтып, олар  мәтінге айналғанын көрсетті.

Covid-19 симуляторы жобасы үшін Аскат Күздеуов Нұр-сұлтан қаласы үшін жасалған модельдеу нәтижелерін көрсетті және симулятордың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

photo5345846348114669434
« of 3 »