Жаңалықтар

cover

11th October 2021

Халықаралық журналистер ISSAI зертханаларына келіп кетті

2021 жылдың 11 қазанында Ұлыбритания журналистері НУ ISSAI зертханаларына келді.

Сапар биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті.

Сапар барысында ISSAI жобасының техникалық координаторы Ербол Абсалямов пен ISSAI пост-докторанты Ерболат Хасанов ISSAI жобалары туралы презентация жасап, қазақ тілін автоматты түрде тану жобасының демо-нұсқасын және қазақ мәтінін дыбыстық сигналға түрлендіру жобасын көрсетті. Осыдан кейін ғылыми қызметкер Жанна Махатаева кеңейтілген шындық тақырыбында жобасы туралы айтып берді. Кейін докторант Азамат Исмұхамбетов робототехника жобасын көрсетті.