Жаңалықтар

cover

15 Қараша 2021

БАҚ ISSAI ғылыми қызметкері Жанат Махатаева және оның Microsoft PhD Fellowship стипендиясы туралы

Бірнеше жаңалықтар мен медиа-порталдар ISSAI ғылыми қызметкері Жанна Махатаева Microsoft Research Summit 2021 бірінші саммитінде Microsoft Research PhD ғылыми стипендиясын жеңіп алғаны туралы жариялады.

Steppe, QazaqTv, BilimdiNews, және 7Арна сияқты медиа-арналар Жанаттан сұхбат алып, жаңалықты өздерінің веб-порталдарында жариялады.

Еске алайық, биыл ISSAI ғылыми қызметкері Жанна Махатаева Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясына ие болды. Microsoft Research PhD стипендиясы – есептеу техникасы саласындағы дарынды PhD студенттеріне арналған ғаламдық бағдарлама. Стипендия иегерлеріне докторлық зерттеу жұмыстарын аяқтау үшін 15000 АҚШ доллары беріледі, сонымен қатар Microsoft корпорациясында 12 апталық ақылы тағылымдама ұсынылады. Осы жылы стипендия Стэнфорд университеті, Цинхуа университеті, Принстон Университеті, Иллинойс Урбана-Шампейн университеті, Оксфорд Университеті және Вейцман ғылым институты сияқты әлемнің ең үздік университеттерінің 49 студентіне ғана берілді. Қазақстаннан бұл стипендияны алғашқы рет алған Жанат болып есептеледі.