Жаңалықтар

cover

24 маусым 2022 ж.

“Терең оқытуды қолдана отырып, тұрақты темірбетон бағаналарын жобалауда көміртегі ізін оңтайландыру” ғылыми мақаланың тұсаукесері EURO-MED-SEC-4-те өтті

22-ші маусымда ISSAI деректер талдаушы Ақнұр Қарабай Төртінші еуропалық және жерорта теңізінің жобалау және құрылыс конференциясында (EURO-MED-SEC-4) Ақнұр Қарабай, Раушан Өтемұратова, Дичуан Чжан, Хусейн Атакан Варол дайындаған “Терең оқытуды қолдана отырып, тұрақты темірбетон бағаналарын жобалауда көміртегі ізін оңтайландыру” атты ғылыми мақаласының презентациясын өткізді.

EURO-MED-SEC конференциясын жыл сайын Халықаралық инженерлер мен құрылысшылар қоғамы (ISEC) ұйымдастырады. EURO-MED-SEC-4 бүгінгі таңда ISEC қоғамының EURO-MED конференцияларының арасында ең сәтті конференциясы болып есептеледі. Осы күнге деәін 128 ғылыми мақала жарияланды.

Биылғы конференцияның тақырыбы Конструкторлық жобалау және құрылыс саласындағы заманауи материалдар мен технологиялар деп аталды. Конференция гибридті форматта өтті. EURO-MED-SEC-4 конференциясының негізгі баяндамашылар Брешия университетінің құрылымдық инженерия профессоры, доктор Джованни А. Плизари, Брешия, Италия және Доктор Майкл Калиске, Дрезден техникалық университетінің профессоры, Дрезден, Германия.

Ғылыми мақала Proceedings of International Structural Engineering and Construction журналында жарияланды. Сонымен қатар, GitHub сілтемесі бар.

« of 5 »