Жаңалықтар

cover

12 сәуір 2023 ж.

ISSAI Нью-Йорктегі WhatsApp компаниясының бағдарламалық жасақтама инженерімен онлайн қонақ дәріс өткізді

11 сәуірде Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) Нью-Йорктегі WhatsApp офисының бағдарламалық жасақтама инженері Жомарт Мұхамеджановпен онлайн қонақ дәріс өткізді. Іс-шара Android операциялық жүйесі, қауіпсіздік және құпиялылық мәселелері, сондай-ақ тәжірибелі маманнан мансаптық кеңес туралы қызығушылық танытатын студенттерге бағытталған.

Жомарт сөзін Android операциялық жүйесі және оның жылдар бойы қалай дамып келе жатқанын талқылаудан бастады. Ол платформаға қатысты қауіпсіздік пен құпиялылық мәселелерін түсіндіріп, осы тәуекелдерді азайту туралы кеңестермен бөлісті. Ол сондай-ақ қауіпсіздік пен құпиялылықты арттыратын Android ОЖ-нің кейбір соңғы мүмкіндіктерін атап өтті.

Әңгіменің екінші бөлігі бағдарламалық қамтамасыз ету саласында мансапқа ұмтылғысы келетін студенттерге кеңес беруге арналды. Спикер салада жұмыс істеудегі жеке тәжірибесімен бөлісті, неден бастау керек және қалай мотивацияны сақтау керектігі туралы кеңестер берді.

Тыңдаушылар әңгімені мазмұнды және тартымды деп тапты. Стдуенттер спикерге сұрақтар қойып, онымен сұхбаттасты. Бір студент: “Әңгіме маған өте ұнады және өте мазмұнды болды. Бұл салада шынайы тәжірибесі бар адамнан есту өте жақсы болды” деді.

Іс-шара студенттерге сала мамандарынан білім алу және соңғы трендтер мен технологиялар туралы түсінік алу мүмкіндігін беру үшін ISSAI-дың үздіксіз күш-жігерінің бір бөлігі болды.