Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтына (ISSAI) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтаир Ахметов басқарған Президент Әкімшілігінің өкілдері келді.
Сапар барысында қонақтар ISSAI-дың жасанды интеллект (AI) және деректер ғылымы саласындағы ағымдағы жобалар туралы тындады. ISSAI негізін қалаушы директоры, профессор Хусейн Атакан Варол түрлі жобалар туралы айтып берді, соның ішінде қазақ тіліне арналған AI негізіндегі дауыстық технологиялар, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған смарт жүйелер, бетті анықтау және компьютерлік көру технологиялары. Сонымен қатар, профессор Варол көпшілікке тегін қол жетімді Институттың ашық бастапқы деректер жиынтықтары туралы айтып берді.
Келушілер баяндаманы жоғары бағалап, ISSAI атқарып жатқан жұмыстарға таңданыстарын білдірді. Олар Институттың қазақ тіліне арналған AI саласын ілгерілету жөніндегі күш-жігерін қолдайтындықтарын білдірді және ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Альтаир Ахметов мырза зерттеушілерді олардың адалдығы мен қажырлы еңбегі үшін жоғары бағалап, олардың жұмысы елдегі смарт (ақылды) жүйелер мен жасанды интеллектті дамыту үшін маңызды екенін атап өтті. Ол Институтта ғылыми қызметкерлер атқарып жатқан жұмыс Үкіметтің инновациялар мен технологиялық прогресті ілгерілету күн тәртібіне сәйкес келетінін атап өтті.