30 қаңтарда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің делегациясы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) зертханаларына қонақ болды.
Осы сапар барысында ISSAI постдокторанты Азамат Ешмұхаметов tensegrity роботтардың жұмысын көрсетті. Кернеу құрылымы бар бұл инновациялық роботтар әртүрлі салаларға, соның ішінде барлау, бақылау және т.б. үшін жоғары бейімділікке ие. Өз кезегінде докторант Жанат Махатаева синтетикалық кеңістікті құруға қабілетті адам жадысын арттырудың алғашқы жүйесін ұсынатын ғылыми жұмысының егжей-тегжейлерімен бөлісті. Жанаттың зерттеулері Альцгеймер сияқты дертке шалдыққан адамдарға AR негізіндегі көмекші технологияларды дамытуға жол ашады.
ISSAI қызметінің жетекші үйлестірушісі Гибрат Құрманов қонақтарға қазақ тілі, компьютерлік жанар, жеке басын сәйкестендіру және толықтырылған шындық үшін жасанды интеллектті қолданудағы жеке жетістіктерге назар аударды.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің делегациясы ISSAI зерттеу жобаларынан және Институттың еліміздің өңірлік жоғары оқу орындарымен білім тарату және сараптама бойынша белсенді қызметінен үлкен әсер алды.