Жаңалықтар

cover

3 ақпан 2024 ж.

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки ISSAI қонағы болды

3 ақпанда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтына қонақ болды.

Осы сапар барысында ISSAI әкімшілік жұмыстарының аға баскарушысы Гибрат Құрманов қонақтарды Институттың зерттеу жұмыстарымен және жетістіктерімен таныстырды. ISSAI постдокторанты Азамат Ешмұхаметов tensegrity роботтарының жұмысын көрсетіп, кернеу құрылымы бар бұл инновациялық роботтар әртүрлі салаларда, соның ішінде барлау, бақылау және т.б. қызметтерде жоғары бейімділікке ие екендігін көрсетті. Өз кезегінде докторант Жанат Махатаева синтетикалық кеңістікте адам жадысын кұруға қабілетті алғашқы ғылыми жобасының егжей-тегжейлерімен бөлісті. Жанаттың зерттеулері Альцгеймер сияқты дертке шалдыққан адамдарға AR негізіндегі көмекші технологияларды дамытуға жол ашады.

Кездесу соңында Қазақстанның ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки ISSAI ғылыми жобаларының жоғары сапасына тәнті болып, Институт командасына Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

« of 4 »