1 наурызда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) зертханаларында болды. Осы сапар барысында институт қызметкерлері Ілияс Бақытжан мырзаға қазіргі таңдағы маңызды ғылыми жобалар мен әзірлемелерді көрсетті.
Докторантураның ғылыми қызметкері Азамат Ешмұхаметов кернеулі роботтарды көрсетіп, осы технологияның артықшылықтары мен қолданылуына тоқталды. Өз кезегінде постдокторант Жанат Махатаева Альцгеймер сияқты аурулардың негізі бола алатын синтетикалық жады жөніндегі ғылыми жобасы туралы айтып берді.
ISSAI директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ербол Абсалямов қонақтарға институт қызметі туралы жалпы таныстырылым жасап, жасанды интеллекттің қазақ тіліне, компьютерлік көру, жеке сәйкестендіру және толықтырылған шындыққа арналған жобаларға бөлек тоқталды.
ҚР Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан бастаған мәртебелі меймандар ISSAI-дағы зерттеулердің жоғары деңгейіне тәнті болып, ИССАИ-дың қазақ тіліне қатысты жетістіктеріне ризашылықтарын білдірді.