13 наурызда «Хабар» телеарнасы технология мен соңғы әзірлемелерге арналған «NeoСеть» жаңа бағдарламасын шығарды. Дебюттік түсірілімге құрамында директордың орынбасары Ербол Абсалямов, докторант Жанат Махатаева, ғылыми қызметкер Медетхан Алтынбек және аға әкімшілік менеджер Ғибрат Құрманов бар Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) қызметкерлері қатысты. Түсірілім барысында олар ISSAI-дың жобалары мен жетістіктері туралы әңгімеледі, сонымен қатар кейбір әзірлемелерін, соның ішінде Umay цифрлық адам прототипін көрсетті.
«NeoСеть» бағдарламасының дебюттік көрсетілімі танымдық тұрғыда қызықты болып шықты. Бағдарламаға Назарбаев Университетіндегі ARMS зертханасының қызметкерлері де қатысты.