14-15 наурыз аралығында Жамбыл облысында Смарт жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) бірнеше семинар өткізді. Бұл жолы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында болдық.
ISSAI директорының орынбасары Ербол Абсалямовтың жетекшілігімен өткен семинар университеттің информатика, математика, физика, филология факультеттерінің студенттері мен магистранттары және ғылыми-зерттеу кафедраларының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін қоса алғанда, әртүрлі аудиторияға арналған мазмұнды пікірталас тудырды. Бұл семинардың мақсаты қатысушыларды жасанды интеллекттің есептеулер ресурстарына негізделген ISSAI миссиясымен, ғылыми-зерттеу қызметімен және озық техникалық инфрақұрылымымен таныстыру болды.
Презентациялар тек техникалық жағынан ғана мазмұнды болып қоймай, сонымен қатар білім алмасу, зерттеу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мен перспективаларын ашты. Сондай-ақ Ербол Әбсалямов жиналғандарды Жазғы зерттеу тағылымдамасы бағдарламасымен таныстырып, оған Жамбыл облысының студенттерін қатысуға шақырды.
Аудиторияның DGX ресурстарына қол жеткізу және оқытуға байланысты сұрақтары ISSAI технологияларын іс жүзінде қолдануға деген үлкен қызығушылықты көрсетті. ISSAI-дың ашық бастапқы NLP үлгілерін, деректер жиынын және кодтарын пайдаланған студенттердің оң пікірлері қуантып ғана қоймай, ISSAI-дың зерттеу жұмыстарына қосқан үлесін растады.
Бұл сапар ISSAI бастамасының өңірлік университеттермен байланысын кеңейту, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі алдыңғы қатарлы зерттеулер мен академиялық қауымдастықтар арасында көпір болу маңыздылығын көрсетті. Ынтымақтастықтың бұл түрі ЖИ бойынша инновациялар мен сараптаманың экожүйесін құру мақсатындағы қазақстандық жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің мәртебесін арттыруға бағытталған үлкен қадам болып табылады.