Жаңалықтар

cover

3 қыркүйек 2024 ж.

Индонезияның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің делегациясы ISSAI-да болды

2024 жылдың 3 қыркүйегінде байланыс және ақпарат саласындағы адам ресурстарын дамыту агенттігінің басшысы Хари Будиарто мырза бастаған Индонезияның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің делегациясы Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтында (ISSAI) болды. Делегация құрамында Пошта және ақпараттық технологияларға қатысты ресурстарды, жабдықтарды және ұйымдастыруды зерттеу мен  әзірлемелер дайындау орталығының басшысы Нусирван мырза, Оқыту және дамыту орталығының  басшысы Хамдани Пратама мырза, Қауымдастырылған саясат талдаушысы Риза Азми мырза, Экономикалық, саяси, цифрлық мәселелер бойынша кеңесші және кеңсе меңгерушісі Густаф Дауд Сираит мырза, Әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі екінші хатшы Джоенис Дуана Сираит мырза және әлеуметтік-мәдени жұмыс департаментінің қызметкері Гүлнұр Сисенқұлова ханым. Бұл сапардың мақсаты ISSAI-мен ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы әлеуетті ынтымақтастықты зерттеу болды.

Сапар барысында ISSAI бас директоры, профессор Атакан Варол, ISSAI атқарушы директоры Ербол Абсалямов және директордың өнім және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, аға деректер талдаушысы  Мадина Абдрахманова қазақ тілі, компьютерлік көру және бетті тану үшін жасалған  жасанды интеллект жобаларын атап өтіп, сол бағыттағы институттың соңғы әзірлемелерімен таныстырды. Олар сондай-ақ ISSAI командасының Қазақстандағы ЖИ-ні  дамытуда маңызды рөл атқаратын іргелі қазақстандық үлкен тіл үлгісімен (Kaz-LLM) жұмыс істеп жатқанымен бөлісті.

« of 3 »