Жаңалықтар

cover

25 қыркүйек 2024 ж.

Қазақстанның ірі БАҚ журналистері мен редакторлары ISSAI-ға барды

2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанның ірі медиа басылымдарының бір топ журналистері мен редакторлары Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) жанындағы Озық робототехника және мехатроника зертханасына (ARMS) барды.

Сапар барысында ISSAI постдокторанты және ARMS зертханасының меңгерушісі доктор Азамат Есмұхаметов өзінің тенсегрити роботтар бойынша ғылыми жұмысын таныстырып, олардың негізгі ерекшеліктерін, артықшылықтарын және өнеркәсіп пен өндірісте қолданудың әлеуетті мүмкіндіктерін атап өтті. Өз кезегінде, ISSAI аға деректер талдаушысы доктор Жанат Махатаева институттың негізгі жобалары мен әзірлемелеріне шолу жасап, ISSAI Kaz-LLM жобасының кейбір мәліметтерін ұсынды. Сондай-ақ доктор Махатаева Umay цифрлық прототипін көрсетіп, мета-аватарды білім беру, медицина және ойын-сауық сияқты салаларда қалай пайдалануға болатынын түсіндірді.

Қонақтар ISSAI жобаларына айтарлықтай қызығушылық танытып, Институт командасына таныстырылымы үшін алғыстарын білдірді.

« of 4 »