Жаңалықтар

cover

24 қазан 2024 ж.

ISSAI деректер талдаушысы Capital Markets Kazakhstan конференциясына қатысып, сөз сөйледі

2024 жылдың 17 қазанында Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) деректер талдаушысы Ұлжан Бисаринова Алматыда ұйымдастырылған VII Capital Markets Kazakhstan конференциясына қатысты. Конференция реттеу мен инфрақұрылымға ерекше назар аудара отырып, қазақстандық облигациялар нарығындағы ең өзекті мәселелерге арналды.

Ұлжан Бисаринова SkyBridge Invest басқарма төрағасы Шолпан Айнабаева модераторлық еткен «Қаржы нарықтарындағы жаңа технологиялар: цифрлық активтер және жасанды интеллект» панельдік сессиясында сөз сөйледі. Ұлжан «Жасанды интеллект арқылы өнімдерді жасау: мүмкіндіктер мен қиындықтар» тақырыбын таныстыра отырып, қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдеріне арналған мәтіндік және сөйлеуге арналған Soyle қосымшасын құрудағы білімдерімен және тәжірибесімен бөлісті.

Панельдік сессияның мәртебелі спикерлерінің қатарында AFSA лицензиялау және қаржылық технологиялар кеңесінің басқарушы директоры – Еркеғали Еденбаев, ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директор, KASE басқармасының мүшесі – Елдос Қуанышбеков және «Береке» банкінің цифрлық қаржылық активтер бөлімінің басшысы – Вячеслав Ануфриев сиқяты тұлғалар болды. Талқылауда компания қызметіне алдыңғы қатарлы машиналық оқыту және жасанды интеллект технологияларының интеграциясы, ішкі және халықаралық транзакциялар үшін цифрлық қаржылық активтердің артықшылықтары мен тауындауы мүмкін қауіптері, сондай-ақ криптовалюта мен цифрлық активтер нарығын реттеу перспективалары қарастырылды. Конференция банк секторы өкілдері мен бизнес-қоауымдастығының мықты-мықты өкілдері арасындағы пікір алмасу алаңына айналды.

« of 4 »