Жаңалықтар

cover

2 Қазан, 2026

ISSAI QAZBOT Technologies компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

AI & Digital Bridge 2026 аясында Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) QAZBOT Technologies компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға ISSAI бас директоры доктор Хусейн Атакан Варол және QAZBOT Technologies директоры Владислав Сафаров қол қойды.

Серіктестік жасанды интеллект, робототехника, Embodied AI, машиналық оқыту, компьютерлік көру және интеллектуалды басқару жүйелері салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Меморандум бірлескен зерттеулер жүргізуге, білім мен тәжірибе алмасуға, технологияларды дамытуға және заманауи Robotics & AI шешімдерін практикалық тұрғыда енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл Қазақстандағы жасанды интеллект және робототехника экожүйесінің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

« ‹ of 4 › »