Астана, Қазақстан / Толық жұмыс уақыты
Компания туралы: Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) 2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның цифрлық саласында жасанды интеллект бойынша зерттеу мен инновацияның драйвері ретінде құрылды. ISSAI Азия, Еуропа және Америка Құрама Штаттарының озық тәжірибесін ескере отырып, жасанды интеллект саласында ұлттық зерттеу әлеуетін дамытуды мақсат етеді. ISSAI білім беру, өнеркәсіп және мемлекеттік басқару саласындағы ұлттық және халықаралық серіктестермен зерттеу, инновация және ынтымақтастық үшін икемді шеңбер ұсынады және ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізу барысында Қазақстанның цифрлық экожүйесіне үлес қосады.
Қызығушылық танытқан үміткерлер осы лауазымға төмендегі сілтеме арқылы өтінім бере алады: hr_issai@nu.edu.kz
Лауазымдық міндеттер:
Аға деректер ғалымы келесі міндеттер мен жауапкершіліктерді орындайды:
• белгілі бір машиналық және терең оқыту модельдерін қолданады;
• маңызды ЖИ жобаларын іске асыру үшін деректер ғалымдары мен зерттеушілер тобын басқарады, тәлімгерлік етеді;
• топты жаңа әдістер мен технологияларды зерттеуге ынталандыра отырып, ынтымақтастық пен инновация мәдениетін қалыптастырады;
• ауқымдалатын машиналық оқыту модельдері мен алгоритмдерін әзірлеу мен енгізуді қадағалайды;
• зерттеу бағытын анықтау үшін деректерді барлау талдауын және модельдерді бағалауды жүргізеді;
• ғылыми жарияланымдар дайындауға қатысады, конференциялар мен семинарларда нәтижелерді таныстырады;
• пәнаралық топтармен бірлесіп ЖИ шешімдерін пәндік білімдермен біріктіреді;
• күрделі техникалық тұжырымдамаларды техникалық емес тараптарға тиімді жеткізеді;
• бірлескен зерттеу жобаларын дамыту үшін сыртқы ұйымдармен, университеттермен немесе консорциумдармен ынтымақтасады;
• ЖИ мен машиналық оқытудағы соңғы жетістіктерден хабардар болып, тиісті технологиялар мен әдістерді енгізеді;
• машиналық және терең оқыту алгоритмдерін тәжірибеде қолданады;
• модельдердің өнімділігі туралы есептер береді;
• практикалық дағдыларды, әдістер мен тәсілдерді қоса алғанда білімді басқаларға береді;
• сыртқы ұйымдарға ұсыныстар мен өтінімдер дайындауға қатысады, мысалы, қаржыландыру және аккредитация мақсатында;
• Институттың осы пәндік саладағы жұмысын ұлттық және халықаралық деңгейде насихаттайды;
• бақылаудағы бағыт шеңберінде тәуекелдерді анықтауға, бағалауға, басқаруға және мониторингілеуге қатысады;
Біліктілік талаптары:
Жоғары кәсіптік білім, оқыту тілі ағылшын тілінде болатын жоғары оқу орындарынан түлектер артықшылықты;
Информатика, машиналық оқыту немесе соған ұқсас бағыт бойынша PhD дәрежесі болғаны жөн.
Басым мамандықтар:
– информатика;
– жасанды интеллект;
– математика;
– робототехника немесе соған ұқсас мамандықтар.
Кемінде 5 жыл кәсіби тәжірибе.
Қосымша ақпарат:
Қажетті дағдылар:
– машиналық және терең оқыту модельдерін әзірлеу бойынша білім;
– Linux операциялық жүйесі мен тиісті жабдық туралы білім;
– машиналық оқыту туралы білім;
– жасанды интеллект алгоритмдері мен модельдерін әзірлеу туралы білім;
– MS Office, Excel, PowerPoint білу;
– Linux ортасында әзірлеу дағдылары;
– ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру;
– деректерді жинау, тазалау және алдын ала өңдеу дағдылары;
– жақсы бағдарламалау дағдылары;
– NLP және/немесе компьютерлік көру саласындағы тәжірибе;
– жасанды интеллект модельдерін тану және бағалау дағдылары;
– жоғары деңгейдегі коммуникативтік дағдылар.