Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтында (ISSAI) ISSAI Fall Research Program (FRP) 2026 бағдарламасы сәтті аяқталды. Сегіз күнге созылған қарқынды бағдарлама барысында 29 қатысушы зерттеу жобаларын сәтті аяқтап, қорытынды қорғау кезінде өз жұмыстарын таныстырды.
Бағдарлама Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Қостанай, Павлодар, Атырау және Қызылорда қалаларынан, сондай-ақ Манила қаласынан (Филиппин) келген дарынды әрі ынталы оқушылардың басын қосты. Қатысушылардың жартысына жуығы бағдарламаға қатысу үшін Астанадан тыс өңірлерден арнайы келді. Олар Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ), «Білім-Инновация» лицейлері (БИЛ), Республикалық физика-математика мектептері (РФММ), Spectrum International School, Riviera International School, Astana Garden School, Canadian International School Astana, International School Manila және басқа да білім беру ұйымдарының оқушылары болды.
ISSAI Fall Research Program жасанды интеллект пен робототехника салаларына қызығушылық танытқан дарынды оқушылар үшін тәжірибе арқылы білім алып, практикалық дағдыларын жетілдіруге және зерттеу жобаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірегей алаңға айналды.
Robotics бағыты
Доктор Гурав Могердің жетекшілігімен қатысушылар робототехника мен инженерия негіздерін меңгеріп, өздерінің роботтандырылған жүйелері мен прототиптерін әзірлеп, сынақтан өткізді.
Қорытынды қорғау барысында келесі жобалар таныстырылды:
- Diana Karymova, Sabina Serikkali және Adina Sarmanova — Robot Manipulator: үш өлшемді кеңістіктегі нысандарға жетіп, оларды басқаруға арналған қозғалыстарды есептеп, орындайтын роботтандырылған қол.
- Aisultan Zhambulov, Maksat Khazhmurat, Zhasmin Jumanova және Aldiyar Amanzhol — A Drone That Sees Obstacles: кедергілерді анықтайтын, белгіленген нүктеге жете алатын және бөлме картасын жасайтын салмағы 27 грамм автономды шағын дрон.
- Miras Sailaugazy және Almadi Nurlanbek — Octopus Arm Soft Gripper: сегізаяқ қармалауышы үлгісіндегі жұмсақ қармау құрылғысы.
AI Engineering бағыты
AI Engineering бағытының қатысушыларына ISSAI деректер талдаушылары Владимир Альбрехт пен Арайлым Райханқызы тәлімгерлік етті. Қатысушылар жасанды интеллект негізіндегі қосымшалар мен түрлі практикалық міндеттерді шешуге арналған технологиялық жобаларды әзірледі.
Қорытынды қорғауда келесі жобалар ұсынылды:
- Adiya Tursyn — Rehab: камера арқылы қол қимылын қалпына келтіруге арналған 3D оңалту тренажері.
- Aisha Nurekeyeva және Amina Karymova — Cure Brainrot + Presentation Coach: камера көмегімен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жаттықтыруға арналған қосымша.
- Aruna Bekniyaz — Solar Yield Predictor: Отырар күн электр станциясының келесі күнгі энергия өндіру көлемін болжау жүйесі.
- Mustafa Ergali және Ibragim Khojanazarov — Marginalia: оқылған кітаптардағы идеялар мен ойлардың AI картасы.
- Akzhan Bakitay және Assem Turemuratova — Scam Detector: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі алаяқтық хабарламаларды анықтау жүйесі.
- Aisara Kydyrma және Aruzhan Batyrshinova — Oynova: балаларға арналған дауыспен басқарылатын 3D оқыту ойыны.
- Dosmukhammed Zhumabek — Sign Language Recognition: камера арқылы ым-ишара тілін нақты уақыт режимінде тану жүйесі.
- Madi Sultanbekov — IvyPath: шетелдік университеттерді таңдау және оларға түсуге көмектесетін AI көмекшісі.
- Dayana Idiris — Business AI Agent: жасанды интеллект көмегімен нарықты талдау және өнімдер бойынша ұсыныстар әзірлеу жүйесі.
- Amirali Rakymzhan — Cure Brainrot 2: әлеуметтік желілерді мақсатсыз қараудың орнына білімді тексеруге арналған интеллектуалды мектеп викторинасы.
- Adiya Khassan — Taste Engine: әуен мен ән мәтіндеріне негізделген музыкалық композицияларды ұсыну жүйесі.
- Yerkenzhe Toleubek — Tetris RL Arena: жасанды интеллект Tetris ойынын адам жазған алгоритмдерден жақсырақ ойнауды үйрене ала ма?
- Karina Shin — Caspian Sea Desiccation: машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, Каспий теңізінің тартылуына байланысты шаң көздерінің пайда болу қаупі бар аумақтарды картаға түсіру.
- Aiaru Tilep — Presentation Coach: презентация дайындауға және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жаттықтыруға арналған көмекші.
- Nurbek Nurakhmet — Calorie Estimation & Tracking App: жасанды интеллект негізінде калория мөлшерін есептеу және бақылау қосымшасы.
- Diar Khabzadinov — School Videos: мазмұны қателерге тексерілетін, жасанды интеллект көмегімен жасалған бір минуттық оқу бейнероликтері.
Сегіз күн бойы барлық қатысушылар өз жобаларына жоғары қызығушылық пен жауапкершілік танытып, қысқа уақыт ішінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Зерттеу және жобалау жұмыстарын қолдау мақсатында қатысушыларға ISSAI зертханаларына, жоғары өнімді есептеу ресурстары мен суперкомпьютерлерге, сондай-ақ Институттың оқу материалдары мен дерекқорларына қолжетімділік берілді. Бұл оқушыларға заманауи жасанды интеллект технологияларымен тәжірибе жүзінде жұмыс істеуге және алған білімдерін өз жобаларын әзірлеу барысында қолдануға мүмкіндік берді.
Жобалардың қорытынды қорғалуы қарқынды білім беру бағдарламасының маңызды кезеңіне айналып, қатысушыларға өз жетістіктерін көрсетіп, атқарған жұмыстарының нәтижелерін таныстыруға мүмкіндік берді.
Бағдарламаның жабылу салтанатына Назарбаев Университетінің Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебінің (SCAI) негізін қалаушы деканы, ISSAI Бас директоры доктор Атакан Варол қатысты. Ол қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларды жетістіктерімен құттықтады және оқушылар мен олардың ата-аналарына бағдарламаға қатысып, сенім білдіргендері үшін алғыс айтты. Салтанатты шара соңында доктор Варол бағдарламаны сәтті аяқтаған барлық 29 қатысушыға сертификаттарды жеке табыстады.
ISSAI Fall Research Program 2026 бағдарламасына қатысқан барлық оқушылар мен олардың ата-аналарына сенім білдіріп, қызығушылық танытқандары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бағдарламаны сәтті аяқтаған түлектерді құттықтай отырып, оларға білім алу жолында, болашақ ғылыми зерттеулерінде және жасанды интеллект пен робототехника салаларын игеруде толағай табыс тілейміз!
ISSAI-дің алдағы білім беру және зерттеу бағдарламаларында жаңа дарынды жастармен қайта кездесуге қуаныштымыз!