Эльмира Никифорова
Деректер модераторы
Эльмира Қостанай мемлекеттік университетін ағылшын және қазақ тілдерінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітірді (1996), содан кейін Челябі мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, салыстырмалы тіл білімі саласында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады (2013); Қазақстанда диссертациясының аттестациясынан кейін PhD дәрежесіне ие болды (2018). Эльмираның ағылшын тілі, аударма және жалпы тіл білімін оқытуда жиырма үш жылдық тәжірибесі бар.
Эльмираның ғылыми қызығушылықтары салыстырмалы лингвистика, аударма теориясы мен тәжірибесі, дискурстық талдау, мәдениетаралық коммуникацияны қамтиды. Институционалдық дискурстардағы коммуникативті әсер ету стратегиялары мәселелеріне арналған бірқатар жарияланымдары бар, сот дискурс мәтіндеріне арналған екі монографияның және «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған аударма теориясы мен тәжірибесі бойынша оқулықтың авторларының бірі.
Қазіргі кезде Эльмира Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтымен жүзеге асырылып жатқан табиғи тілді өңдеу жобаларының біріне қатысуда, сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде сабақ береді.