Жаңалықтар

cover

5 наурыз 2024 ж.

Біз жоғары сынып оқушыларын ISSAI 2024 жазғы зерттеу бағдарламасына қатысуға шақырамыз!

Биыл, біз робототехника мен аралас шындыққа қызығушылық танытатын жоғары сынып оқушыларына (10-12 сыныптар) арналған 2024 жылдың жазғы зерттеу бағдарламасын жариялаймыз!

Сіз бәлкім математикадан данышпан болсаңыз, бастаушы бағдарлама құрушысы, немесе, робототехника мен жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді өңдеу алгоритмдері әлеміне қызығушылық танытсаңыз, бұл бағдарлама сізді шексіз мүмкіндіктерге апаратын жолдардың бірі. Сіз ISSAI деректерді өңдеуші мамандардың жетекшілігімен нақты жобаларда және жағдайларда жұмыс жасайсыз.

Жоғары сынып оқушыларына қойылатын талаптар:

–  Математикалық жағдаяттарды шеше алу;

–  Бағдарламала құру немесе деректер туралы ғылым жағынан тәжірибе (тәжірибе бар болса жақсы, бірақ міндетті емес): Python;

–  Ағылшын тілін білу (кемінде орта деңгейде).

Уақыты:

–  Бағдарлама маусым айының басында басталады. Күндер өзгеше болуы мүмкін;

–  Ұзақтығы: 2 ай.

NU ережелеріне сәйкес, жоғары сынып оқушыларынан ақы алынбайды.

Қалай өтініш беруге болады?
Үміткерлер түйіндемені, академиялық анықтаманы және ілеспе хатты (1 бет) және ағылшын тілінде қабілеттерін, ғылыми қызығушылықтарын сипаттай отырып, бағдарламаны өтуге ұсыныс уақытын мына сілтемеге өту арқылы 2024 жылдың 31 наурызына дейін жіберуі керек: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSecIFApTvtHCrl9isKEHQ7PmgXRwRne8PnNvTFfo9dHcNBKgQ/viewform?usp=sf_link 

Барлық ұсынылған материалдарды мұқият қарап шыққаннан кейін іріктелген үміткерлер онлайн-сұхбатқа қатысуға шақырылады. Түйіндемені іріктеу кезеңінен сәтті өткендер ғана сұхбаттасу кезеңіне өтеді.

Бағдарламадағы орындардың саны шектеулі. Егер сізде сұрақтар туындаса, мына пошта мекен-жайына жазсаңыз болады issai@nu.edu.kz