Жаңалықтар

cover

5 Қараша 2021

ISSAI IEEE Медицина және биология қоғамындағы инженерия 43-ші жыл сайынғы халықаралық конференциясына қатысты

30 қазан мен 5 қараша аралығында IEEE Медицина және биология қоғамындағы инженерия 43-ші жыл сайынғы халықаралық конференцияны онлайн түрде өткізді. Конференцияның тақырыбы “XXI ғасырдағы жаһандық денсаулық сақтаудың өзгеруі” болды. Конференция биомедициналық инженерия бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық конференция болып табылады.

ISSAI деректер талдаушы Ақнұр Қарабай Институттың екі жобасының презентациясын өткізді:

  1. 1. Input Agnostic Deep Learning for Alzheimer’s disease Classification Using Multimodal MRI Images.
  2. 2. COVID-19 Vaccination Strategies Considering Hesitancy Using Particle-Based Epidemic Simulator.

EMBC’21 конференциясы жоғары сапалы деңгейде ұйымдастырылды, ауқымы үлкен, виртуалды түрде өткен. Маған биомедициналық ғылым саласындағы зерттеулердің әртүрлі тақырыптарымен танысу өте ұнады. Мен ISSAI мен біздің директор Профессор Атакан Варолға түрлі пәндерді оқып үйренуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін“, – дейді Ақнұр.

Конференция биомедициналық инженерия, денсаулық сақтау технологиялары, денсаулыққа арналған жасанды интеллект, аударма клиникалық зерттеулер және биомедициналық инженерия саласындағы әртүрлі зерттеу тақырыптарын қамтыды. Жоғары деңгейдегі негізгі баяндамашылардан басқа, конференция бағдарламасына көптеген шағын симпозиумдар, семинарлар, арнайы сессиялар, ауызша және постер сессиялары, студенттер мен жас мамандарға арналған сессиялар, дәрігерлер мен кәсіпкерлерге арналған сессиялар, жеткізушілер мен университеттердің көрмелері кірді.

« of 7 »