Жаңалықтар

cover

30 мамыр 2022 ж.

ISSAI өз жасанды интеллект саласындағы есептеу ресурстарын Қазақстандық университеттермен бөліседі

ISSAI техникалық жоба координаторы Ербол Абсалямов пен компьютер инженері Мақат Тлебалиев Алматының жетекші университеттерінде ISSAI есептеу ресурстары бойынша семинарлар өткізді. Сүлейман Демирел университетіне (СДУ) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (ҚазҰУ) сапар 25-27-ші мамырда өтті. Сапардың мақсаты Қазақстандық университеттер арасында жасанды интеллект есептеулерін насихаттау болды.

2021 жылдың соңында ISSAI NVIDIA DGX-1 серверін қазақстандық университеттермен бөлісу үшін пилоттық сервер ретінде дайындауды бастады, осылайша олар өздерінің зерттеу модельдерін осы серверге қашықтан тегін түрде қоса алады.

Сапар барысында ISSAI өкілдері тындаушыларды ISSAI миссиясы және зерттеу жобаларымен таныстырды, есептеу ресурстарының техникалық ерекшеліктері мен параметрлерін және NVIDIA DGX-1 көмегімен зерттеу жүргізу тәсілін түсіндірді, қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін және бірлескен зерттеулер үшін зерттеушілермен алмасу мүмкіндігі туралы сөйлесті. Бірлескен зерттеулердің бағыттары объектіні анықтау, табиғи тілді өңдеу, бет-әлпетті тану, машиналық оқыту және автоматтандырылған дизайн бағыттарында.

ISSAI басқа Қазақстандық университеттермен елдің жасанды интеллект зерттеу ноу-хауы мен әлеуетін арттыру үшін жұмыс істеуге тырысады.

« of 7 »