Жаңалықтар

cover

13 сәуір 2023 ж.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, доктор Анар Фазылжан ISSAI негізін қалаушы директоры, профессор Хусейн Атакан Варолмен кездесті

Жақында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, доктор Анар Фазылжан ынтымақтастық орнату және институттың есептеу ресурстарымен танысу мақсатында ISSAI-ге келді.

Доктор Фазылжанды ISSAI негізін қалаушы директоры, профессор Хусейн Атакан Варол қарсы алып, Институттың ЖИ және ақылды жүйелер саласындағы зерттеулері мен әзірлемелерін сипаттады. Профессор Варол осы озық технологияның мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірме берді.

Екі Институт табиғи тілдерді өңдеу және есептеу ресурстарын пайдалану салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын талқылады.

« of 3 »