Жаңалықтар

cover

12 желтоқсан 2023 ж.

Американдық Forbes журналының мақаласында ISSAI институты атап өтілді

Американың әйгілі қаржы-экономикалық Forbes журналы қазіргі уақытта Назарбаев Университетінің президентінің міндетін атқарушы доктор Илесанми Адесидадан сұхбат алды. Бұл сұхбатқа НУ-нің жақында ғана үздіктер қатарына кіріп, беделді THE World University Rankings 2024 рейтингіне енуі себеп болды. Бірнеше санат бойынша бағаланған 165 университеттің ішінде біздің университет Орталық Азиядағы 89 оқу орнының арасында бірінші орынды иеленді.

Танымал Forbes басылымына берген сұхбатында доктор Адесида НУ базасында құрылған Жасанды Интеллект және Ақылды Жүйелер Институтының (ISSAI) қызметін ерекше атап өтіп, НУ-нің жаһандық халықаралық зерттеу орталығы ретінде дамуы туралы сөз қозғады. ISSAI Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы инновациялар мен түрлі зерттеулердің негізгі қозғаушы күшіне айналуды көздейді:

«Қазіргі уақытта ISSAI өте қарқынды жұмыс істеуде. Біз жасанды интеллект саласындағы осы аймақтағы ең маңызды бағыттарды таңдағымыз келіп отыр. Осылайша, біз жасанды интеллектті іс жүзінде қолдану үшін кәсіби негіз бола алатын дарынды жастарды осы салаға тартқымыз келеді», – деп түсіндірді доктор Адесида.

Forbes сияқты аты аңызға айналған журналдарда ISSAI институтын атап өту институт ұжымының еңбегінің үлкен жемісі болып табылады. 2024 жылы біз жасанды интеллект арқылы талантты жастарды біріктіріп, ұлттық жобаларды әрі қарай дамытуды жалғастырамыз. Біз үшін НУ миссиясына сәйкес болу және зерттеушілердің әлемдік қауымдастығына өз пайдамызды тигізу өте маңызды.