Жаңалықтар

cover

2 ақпан 2024 ж.

ISSAI жобалары Қазақстанның Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ЕАЭО елдерінің делегациясына ұсынылды

2 ақпанда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов бастаған ЕАЭО елдерінің делегациясы Digital Almaty 2024 форумы аясында Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) стендімен танысуға келді.

ISSAI жұмысы мен жобалары Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Беларусь премьер-министрлеріне таныстырылды. ISSAI директорының орынбасары Ербол Абсалямов Tilmash, Soyle және Kazakh text-to-speech 2 жобаларын іс жүзінде көрсетті.

Мәртебелі қонақтар ISSAI-дың белсенді зерттеу жұмысына жоғары баға берді және Институттың барлық деректер жинақтарының ашық болуы басқа компаниялар мен стартаптарға өз өнімдері мен қосымшаларын әзірлеу үшін үлкен пайдасын алып келетінін атап өтті.

« of 3 »